«Заң және тәртіп» айлығы аясында 10-11 сынып оқушыларына «Дроппер дегеніміз кім?» тақырыбында эссе жазды. Эссенің мақсаты құқықтық сауаттылығын арттыру, қаржылық алаяқтықтың алдын алу, «дроппер» ұғымының мәнін түсіндіру, сондай-ақ заңсыз әрекеттерге араласудың құқықтық салдары туралы түсінік қалыптастыру.Эссе жазу барысында оқушылар дроппердің кім екені, оның қандай жолмен қылмыстық схемаларға тартылатыны, мұндай әрекеттердің қоғамға және жеке тұлғаға тигізетін зияны жөнінде өз ойларын білдірді. Сонымен қатар, заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы, жауапкершілік пен саналы таңдаудың рөлі туралы пікірлерін сауатты түрде жеткізді. Аталған эссе тақырыбы оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамытуға, құқықтық тақырыптарға деген қызығушылығын арттыруға және заңға қайшы әрекеттерден сақтануға бағытталған тәрбиелік мәні зор іс- шара деп ойлаймыз.