«Заңға бағынған құл болмайды» жас дебатшылар турнир
«Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Құқықтық сауаттылық: қауіпсіз өмірге жол» қауіпсіздік айлығы жоспарына сәйкес «Заңға бағынған құл болмайды» тақырыбында жас дебатшылар арасында турнир өтті. Мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу, азаматтық жауапкершілік пен белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру, сондай-ақ сыни ойлау мен пікірталас мәдениетін дамыту. Дебат турниріне жас дебатшылар белсенді қатысып, заңға бағынудың қоғамдағы маңызы, құқық пен бостандықтың арақатынасы, азаматтың құқықтық мәдениеті туралы өз көзқарастарын дәлелді түрде қорғады. Қатысушылар өз ойларын еркін жеткізіп, қарсы тараптың пікірін құрметтей отырып, аргументтер келтіру арқылы шешендік қабілеттерін көрсетті. Дебат барысында жастардың құқықтық тақырыптарға деген қызығушылығы артып, заңды білу мен оны сақтаудың қауіпсіз әрі табысты өмірдің негізі екені туралы түсініктері кеңейді. Турнир қатысушылардың коммуникативтік дағдыларын жетілдіріп, қоғамда заңға құрметпен қараудың маңыздылығын ұғындыруға ықпал етті.