«Заң және тәртіп» айлығы – «Адал азамат» бағдарламасы аясында
«Заң және тәртіп» айлығы аясында «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасына сәйкес мектепте оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, жауапкершілік сезімін арттыруға және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамытуға бағытталған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Айлықтың басты мақсаты – білім алушылардың заңға құрметін арттыру, қоғамдық тәртіпті сақтау, жеке қауіпсіздік ережелерін меңгеру және саналы азаматтық ұстаным қалыптастыру.
Ай бойы келесі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізіледі:
Жол қозғалысы ережелері – оқушыларға жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, қауіпсіздік талаптарын түсіндіру мақсатында сынып сағаттары, түсіндірме жұмыстары мен танымдық іс-шаралар өткізіледі.
Өрт қауіпсіздігі – өрттің алдын алу, төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттер туралы ақпарат беру және қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған шаралар ұйымдастырылады.
Интернет қауіпсіздігі – цифрлық ортада өзін қауіпсіз ұстау, жеке мәліметтерді қорғау және кибермәдениетті қалыптастыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Баланың құқықтары мен міндеттері – оқушыларға өз құқықтары мен міндеттерін таныстыру, заң талаптарын құрметтеу мен жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу мақсатында түрлі тәрбиелік шаралар өткізіледі.