Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Аналарға арналған пайдалы жұма».

«Отбасы және мектеп» жобасы аясында «Аналарға арналған пайдалы жұма» іс-шарасы өтті. Іс-шара барысында практикалық шеберлік_сыныптарын өткізу үшін спикерлер шақырылды.
Сулушаш Жанатовна мен Самира Валихановна «Өзіңе- өзің визажист» тақырыбында шеберлік-сыныбын өткізіп, қатысушыларға өз-өзіне күтім жасау және макияж негіздері бойынша пайдалы кеңестер берді.
Бибігүл Колдаркуловна мен Мереке Лесбаевна "15 минуттағы шаш үлгісі" атты шеберлік-сыныбын өткізіп, күнделікті қолдануға ыңғайлы әрі сәнді шаш үлгілерімен бөлісті.
Фотосессияны ұйымдастыру үшін Михаил Анатольевич пен Раиса Александровна шақырылып, іс-шараның жылы әрі жарқын сәттерін есте қалдыруға көмектесті.
Іс-шара соңында қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.
Аналар тек жағымды пікірлер қалдырып, жылы атмосфераны, шеберлік-сыныптардың пайдалы екенін және іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено