2026 жылдың 9 қаңтарында «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ-де Ата-аналарға арналған «Қаржылық жауапкершілік» ААПҚО қызметі аясында ата-аналарға арналған қаржылық сауаттылық бойынша шағын бейнероликтер мен жобалар көрсетілді. Іс-шараға ата-аналар комитетінің мүшелері мен жоғары сынып ата-аналары қатысты. Сынып жетекшілер мен мектеп әкімшілігі отбасылық бюджет жүргізу, қаржылық қауіпсіздік және ата-ананың отбасы алдындағы қаржылық жауапкершілігі тақырыптарында пайдалы ақпаратпен бөлісті. Дәрістің мақсаты — ата-аналардың қаржылық жауапкершілікке саналы көзқарасын қалыптастыру, дұрыс қаржылық шешім қабылдау дағдыларын дамыту. Қаржылық сауатты болу — отбасының тұрақты болашағының кепілі!