2026 жылғы 13 қаңтар күні «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ-де "Заң және тәртіп" айлығы аясында, әлеуметтік педагогтар А.Қ.Алгожина мен А.Н.Байбулатованың ұйымдастыруымен 8–11 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесу полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция тобының аға полиция инспекторы А.К.Джунусова және жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Б.Е.Серикбайдың қатысуымен өтті.
Іс-шара барысында «Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері» атты тақырыбында профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, оқушыларға заң талаптары, құқықтары мен міндеттері туралы түсіндірме ақпараттар берілді. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың заң алдындағы жауапкершілігі, қоғамдағы тәртіпті сақтау және құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері қозғалды.Мақсаты – кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен міндеттері туралы түсінік қалыптастыру, олардың өз құқықтарын білуіне және қорғауына үйрету, заң талаптарын сақтауға, жауапкершілікке және қоғамдағы тәртіпті құрметтеуге тәрбиелеу.Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерімен бөлісті. Жалпы 140 оқушы қамтылды.