«Заң мен тәртіп» айлығының аясында мектебімізде Әкелер одағының жиналысы ұйымдастырылды. Жиынның тақырыбы — «Тәрбие және жауапкершілік».
Іс-шараның мақсаты — бала тәрбиесіндегі әкенің рөлін арттыру, ата-аналардың жауапкершілігін күшейту және мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Жиналыс барысында отбасы тәрбиесі, әкенің үлгі-өнегесі, балаға дұрыс бағыт-бағдар беру мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, тәрбиелі ұрпақ қалыптастырудағы ортақ міндеттерге тоқталды.