Орыс тілі, орыс әдебиеті және тарих пәндері апталығының ашылуы
Орыс тілі, орыс әдебиеті және тарих пәндері апталығының ашылуы
2026 жылғы 2 ақпан күні мектебімізде орыс тілі, орыс әдебиеті және тарих пәндері бірлестігінің апталығы өз жұмысын бастады. Апталықтың алғашқы күні мазмұнды әрі белсенді іс-шаралармен ерекшеленді.
Апталықтың ашылу күні аясында келесі іс-шаралар өткізілді:
Апталықтың салтанатты ашылуы
7–11 сынып оқушылары үшін салтанатты жиында апталықтың бағдарламасымен таныстыру ұйымдастырылды.
5-6 сынып оқушыларына апталық туралы хабарландыру жасалды.
Жауапты: пәндік ТГ қатысушылары.
«Самый грамотный класс»
6 «Б» және 6 «В» сыныптары арасында диктанттар байқауы өткізілді.
Оқушылардың сауаттылығы мен тілдік дағдылары тексерілді.
Жауапты: Айтжанова Р.К.
«Провозглашение независимости Республики Казахстан»
9 «Б» сыныбында «Своя игра» форматында интеллектуалдық сабақ ұйымдастырылды.
Оқушылар тарихи білімдерін көрсетіп, белсенділік танытты.
Жауапты: Сапарова Т.О.
Интеллектуальная переменка «Знатоки литературы»
5 «В» сыныбында өткізілді.
Оқушылар әдебиет бойынша білімдерін ойын арқылы көрсетті.
Жауапты: Шалова Т.Н.
«Весёлые переменки»
Үлкен үзілістер кезінде 1-ауысым оқушыларына арналған ойындар ұйымдастырылды.
Жауапты: Булатова И.К. және шығармашылық топ мүшелері
Өткізілген іс-шаралар оқушылардың пәндерге деген қызығушылығын арттырып, танымдық және шығармашылық белсенділіктерін дамытуға ықпал етті.
Алдағы күндері апталық аясында байқаулар мен зияткерлік ойындар өз жалғасын табады.