Қамқоршылар күніне арналған алғыс білдіру шарасы 🌸
Бүгін мектебімізде Қамқоршылар күніне орай ата-аналарға арналған алғыс білдіру іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында ата-аналарға мектеп әкімшілігі тарапынан алғыс хаттар табысталып, жемістер сыйға тартылды.
Бұл игі дәстүр – отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, баланың тәрбиесі мен дамуына үлес қосып жүрген ата-аналарға деген құрмет пен ризашылықтың көрінісі болып табылады.
Мектеп әкімшілігі барлық қамқоршы ата-аналарға балаларымыздың білім мен тәрбие жолындағы қолдауы, қамқорлығы және серіктестігі үшін шын жүректен алғыс білдіреді! 💐