📚 ”Менің ұстаздық манифестім” атты жас мамандар семинары өтті
Бүгін мектебімізде жас педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған ”Менің ұстаздық манифестім” атты семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында жас мамандар өздерінің педагогикалық көзқарастарын, тәжірибелерін және шығармашылық ізденістерін таныстырып, пікір алмасты. Кездесуге тәжірибелі ұстаздар қатысып, жас әріптестеріне әдістемелік кеңестер мен қолдау көрсетті. Іс-шараға мектеп директоры мен директордың орынбасарлары қатысып, жас мамандардың бастамаларына оң бағасын берді. Мұндай семинарлар жас ұстаздардың кәсіби дамуына, педагогикалық әлеуетін арттыруға және шығармашылық ынтасын қолдауға зор мүмкіндік береді.