Меню KDT

Новости

Главная Новости

📚✨ 14 қараша күні Астана қаласының білім беру ұйымдарының педагогтері арасында №65 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен «Алаш арыстары – ұлт тәуелсіздігінің шамшырағы» атты зияткерлік квест өтті.

Мақсаты – Алаш ардақтыларының рухына тағзым ету, олардың тәуелсіздік жолындағы күресі мен шығармашылық мұрасын насихаттау, дарынды жастардың шығармашылығын қолдау және қазақ тілін құрметтеуге, кітап оқу мәдениетін дамыту.

Байқау төрт номинация бойынша өтті:
1️⃣ Ақиқат жолындағы – Алаш
2️⃣ Лаулаған рух – лидерлік мұрасы
3️⃣ Асыл сөзбен тарихтың сабақтастығы
4️⃣ Шежірелі ел мен шаңырақ көтерген рух

Қатысушылар әр сайысқа жоғары деңгейде жауап берді. Байқауға №8 мектеп-лицейі, №54 мектеп-лицейі және №65 мектеп-гимназиясының командалары қатысты. Әр командадан 3 ойыншы бақ сынады.

Барлық қатысушыларға сыйлықтар берілді. Сонымен қатар, байқауға қатысуға дейін педагогтер Мағжан Жұмабаевтың мұражайына барып, оның шығармашылығымен танысты.

Қазақ тарихы мен мәдениетін дәріптеу – біздің әрқайсымыздың парызымыз! 🇰🇿💛


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено