Меню KDT

Новости

Главная Новости

МИФ пәндері апталығы ресми түрде ашылды! 🎉

Бүгін математика, информатика және физика пәндері бірлестігінің апталығы салтанатты түрде бастау алды. Ашылу шарасында мектеп директоры Елекеева Нұргүл Жақсыбекқызы құттықтау сөз сөйлеп, апталықтың маңыздылығына тоқталды. Оқушылар да өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. 🌟 Биылғы апталықтың идеялық өзегі — Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай оның рухани мұрасын заманауи біліммен ұштастыру. Осыған сәйкес апталық “Абай құндылықтары және алгоритмдік ойлау” тақырыбында өтуде. Алдымызда мазмұнды, қызықты, танымдық іс-шараларға толы апта күтіп тұр. Барша мұғалімдер мен оқушыларға сәттілік тілейміз! 💡📚✨


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено