«Баға ал да, бонус ал» бағдарламасы аясында мектебіміздің 5 үздік оқушысы Halyk Bank @halykbank.kz атынан 100 000 бонус сертификаттарына ие болды! 👏
🏆 Жеңімпаздарымыз: ✨ Ашим Ерболсын ✨ Ташкенов Али ✨ Талғат Әлтаир ✨ Маринин Ростислав ✨ Кан Владимир
📌 Қалай жеңіске жетті? Оқушылар бір ай ішінде оқу үлгерімі бойынша 10 баллдық баға жинап, Halyk Bank ұйымдастырған ай сайынғы ұтыс ойынына қатысып, жеңімпаз атанды.
💳 100 000 бонус оқушылардың банк есепшоттарына толықтай тіркелді.
Бұл – білімге деген жауапкершілік пен еңбектің нақты нәтижесі. 🌟 Осындай жетістіктер мектебіміздің абыройын арттырып, басқа оқушыларға да үлкен мотивация береді деп сенеміз! Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алға, білімді ұрпақ! 🚀📚