Жоғары сынып оқушыларымен «Ана қадірі» тақырыбында тағылымды тәрбие сағаты өтті. Алдын ала аналар балаларына жүрекжарды хаттарын жазып, сынып жетекші сол хаттарды ерекше ықыласпен әдемі хат түрінде дайындап, оқушыларға ұсынды. ✉️💗 Оқушылар аналарының жан жылуына толы сөздерін тебірене оқып, ана махаббатының шексіз екенін терең сезінді. Сабақ барысында ана туралы әсерлі бейнеролик көрсетіліп, жүректерге жылу, ойларға мән сыйлады. Ана – өмірдің тірегі, мейірім мен махаббаттың бастауы. Анаға деген құрмет пен алғыс әрқашан биік болсын! 🌸