Меню KDT

Новости

Главная Новости

Пән апталығы шеңберінде мектепте мазмұнды әрі ой қозғайтын бірнеше іс-шара ұйымдастырылды.

📚 Орыс тілі, әдебиеті және тарих апталығы аясында
Пән апталығы шеңберінде мектепте мазмұнды әрі ой қозғайтын бірнеше іс-шара ұйымдастырылды.
🔹 Викторина
«Қызықты орыс тілі»
📌 7 «А» және 8 «А» сыныптары
👩‍🏫 Өткізген: Булатова И. К.
Викторина барысында оқушылар орыс тілі бойынша білімдерін, тілдік логикасы мен тапқырлықтарын көрсетті. Ойын форматындағы тапсырмалар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырды.
🔹 Дөңгелек үстел
«Қазақстанның Ресейге қосылуы: артықшылығы көп пе, әлде кемшілігі ме?»
👩‍🏫 Өткізген: Сапарова Т. О.
Дөңгелек үстел барысында оқушылар тарихи деректерге сүйене отырып, мәселені жан-жақты талқылады. Қатысушылар өз пікірлерін дәлелдеуді, қарсы көзқарастарды құрметтеуді және тарихи оқиғаларға сыни тұрғыдан қарауды үйренді.
🔹 Тарихи эссе байқауы
«Тарих және жастар: өткеннен — болашаққа»
📌 9 «А» сыныбы
👨‍🏫 Өткізген: Сұлтанғали А. Ә.
Эссе байқауы оқушылардың тарихи ойлау қабілетін, жазбаша сөйлеу мәдениетін және азаматтық көзқарасын дамытуға бағытталды. Қатысушылар өткен тарих пен қазіргі заман арасындағы сабақтастықты көрсетуге тырысты.
Өткізілген іс-шаралар оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, тарих пен тілге деген қызығушылығын нығайтуға ықпал етті.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено