«Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күніне» орай «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» тақырыбында Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі КММ-де 1–11 сынып оқушыларына арналған сынып сағаттары өткізілді.
Іс-шараны сынып жетекшілері ұйымдастырып, оқушыларға интернеттегі қауіпсіздік ережелері, жеке деректерді қорғау, кибербуллингтің алдын алу және әлеуметтік желілерді тиімді әрі жауапкершілікпен пайдалану туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сынып сағаттары оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылып, пікір алмасу, сұрақ-жауап форматында өтті.
Іс-шараның мақсаты
Оқушылардың интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, цифрлық сауаттылығын арттыру, жеке ақпаратты қорғау дағдыларын дамыту және интернетті саналы, жауапкершілікпен пайдалануға бағыт беру.