Бүгін «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де «Позитивті мағыналар аумағы» онкүндігі аясында «Өзіңдегі күн шуақ» атты ашылу іс-шарасы өтті.
Іс-шара барысында 5-сынып оқушыларына арналған «Жағдайға позитивті көзқарас» тақырыбында психоағартушылық сабақ ұйымдастырылды. Сабақтың мақсаты – оқушылардың қиын жағдайларда өз ішкі ресурстарын көре білуіне, позитивті ойлауды дамытуға және эмоционалдық саулығын нығайтуға бағытталды.
Сабақ барысында оқушылар жақсыны байқауды, өз сезімдері туралы ашық айтуды және ішкі тірек табуды үйренді.