"N2 Новоишим орта мектебі" КММ-де "Заң мен тәртіп" идеологиясы аясында 7-11 сынып оқушыларына арналған тренинг өткізілді.
Тренингтің тақырыбы–"Жеке шекаралар және қауіпсіз мінез-құлық: 'ЖОҚ' деп айтуды үйренеміз". Оқушылар өз құқықтарын қорғауды, жеке шекараларын сақтауды және қауіпті немесе қолайсыз жағдайларда өз пікірін білдіруді үйренді.
Тренингті мектептің педагог-психологы Шакеева Д.М. өткізді. Іс-шара барысында оқушылар өзара сенімді қарым-қатынас орнату, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту және өз шекараларын қорғау жолдарын тәжірибелік сабақтар арқылы меңгерді.
Мектеп ұжымы оқушылардың жеке қауіпсіздігі мен психологиялық денсаулығын қорғауды басты міндеттердің бірі деп санайды. Мұндай тренингтер оқушыларға өздерін сенімді сезінуіне, қоршаған ортадағы қиын жағдайларды дұрыс бағалауға және дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.