Ақпанның 10-ы күні мектеп кітапханасында балалар әдебиетінің он күндік аясында 1-4 сынып оқушыларымен «Менің сүйікті ертегім» атты іс-шара өтті. Оқушылар оқыған ертегілерін мазмұндап, сүйікті кейіпкерлерімен ой бөлісті. Ертегі - баланың рухани дүниесін байытатын, қиялын дамытатын ерекше жанр болғандықтан ертегі оқу арқылы бала жақсылық пен жамандықты ажыратып, өмірлік құндылықтарды түсіне бастайды. Ертегілер баланың қиялын ұштайды. Кейіпкерлердің бастан кешкен оқиғалары балаға қиындықты жеңуге, батыл болуға үйретеді баланың тіл байлығын арттырады және өз ойын еркін жеткізуге машықтандырады. ВИДЕО КӨРУ