«Диалог мәдениеттер: орыс сөзі мен қазақ жаны» атты орыс тілі мен әдебиеті апталығының ашылу салтанаты өтті. Іс-шара барысында орыс халық билері орындалып, ұлттық күйлер шырқалып, орыс ақындарының өлеңдері мәнерлеп оқылды. Оқушыларға арналған танымдық ойындар ұйымдастырылып, квиз және «Сөйлемді жалғастыр» сияқты қызықты тапсырмалар өткізілді. Апталық 2026 жылғы 16 ақпан мен 20 ақпан аралығында өтеді. Барша ұстаздар мен оқушыларға сәттілік тілейміз! Апталықтың барлық іс-шараларына белсенді қатысып, өз білімдеріңіз бен шығармашылық қабілеттеріңізді көрсете беріңіздер! ВИДЕО КӨРУ