2026 жылдың 16 ақпан күні мектебімізде салтанатты саптық жиын өтті. Жиын барысында оқу мен сыныптан тыс іс-шараларға белсенді қатысып, жоғары нәтижелер көрсеткен оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Бұл марапат – олардың табандылығының, жауапкершілігінің және биік мақсаттарға ұмтылысының айқын дәлелі. Осындай жетістіктер шәкірттеріміздің алдағы уақытта да үлкен белестерді бағындыратынына сенім береді.