«Adal» мектеп парламенті игі бастамаға белсене қатысып, мектеп кітапханасындағы кітаптарды ретке келтіруге көмектесті.
Акция барысында оқушылар жыртылған беттерді жапсырып, мұқабаларды түзетіп, кітаптарды тазалап, ретімен орналастырды. Әр кітапқа ұқыптылықпен қарап, олардың өмірін ұзартуға өз үлестерін қосты.
Кітап – білімнің қайнар көзі. Кітапқа деген жанашырлық – білімге деген құрметтің белгісі.