Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған мектепішілік «Жырлайды жүрек»
05.02.2025 жылы Қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы, ұлт жүрегінен орын алған ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған мектепішілік «Жырлайды жүрек» тақырыбындағы мәнерлеп оқу сайысы өтті.
Сайыстың мақсаты – оқушылардың көркем сөз оқу шеберлігін дамыту, Мұқағали Мақатаевтың поэзиясы арқылы адамгершілікке, туған елге сүйіспеншілікке тәрбиелеу, рухани құндылықтарды дәріптеу.
Іс-шара барысында оқушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, поэзияға деген қызығушылықтарын көрсетті. Байқау жас ұрпақтың рухани дамуына оң ықпал етті.
Сайыс қорытындысы бойынша төмендегі оқушылар жүлдегер атанды.