Меню KDT

Новости

Главная Новости

«МҰҚАҒАЛИ. УАҚЫТПЕН ТІЛДЕСУ»

Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған аудандық балалар кітапханасы өткізген «МҰҚАҒАЛИ. УАҚЫТПЕН ТІЛДЕСУ» әдеби перформансында ақын бейнесін мектебіміздің 9-сынып оқушысы Әділхан Расул сомдады. Бұл сахналық образ емес, көрерменге жақын, тірі рухпен болған сырласу іспетті әсер қалдырды.
Расул көрерменге өлеңді жатқа айтқандай емес, жүректен шыққан сөздей жеткізді. Ол Мұқағалидің жан күйзелісін, өмірдің қиындығын, жалғыздық пен шындықты үнсіздіктен де әсерлі етіп көрсете алды. Оның сабырлы да шынайы орындауы залды толық баурап, көрерменді терең ойға жетеледі.
Тіпті қазіргі жастарды таңғалдыру қиын десек те, Әділхан Расулдың орындауындағы Мұқағали бейнесі мектеп оқушыларының өзін бейжай қалдырмай, оларды терең ой мен үнсіз тыңдауға жетеледі. Әдеби кешке кітапханашы Баймульдина Г.К. жетекшілігімен Әділхан Расул мен 10-сынып оқушылары қатысқан болатын. Кеш қорытындысы бойынша ақындық дарыны мен орындаушылық шеберлігі үшін Әділхан Расул алғыс хатпен марапатталды. Оқушымызға алдағы уақытта шығармашылық табыс пен үлкен жетістіктер тілейміз.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено