«Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу»
Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебінің жанындағы интернат оқушыларымен 2026 жылдың 4-ші ақпан күні әлеуметтік педагог әлеуметтік педагог А.Байбулатованың жетекшілігімен және мектеп инспекторы А.К.Джунусова «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» атты тақырыбында дәріс өткізді. Мақсаты: Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік беру, білімдерін толықтыру, оқушыларға үлкенді сыйлауға, басқалардың балалық шағымен өз өмірін салыстырып, адамдар арасында болатын түрлі жағдайларға баса назар аударуға қалыптастыру.Оқушылар қойылған сұрақтарына жауап беру, мақал – мәтелдердің жалғасын табу арқылы, жағдаяттық тапсырмаларды орындап өз ойларынмен бөлісті.