«Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Іштегі шуақты күн» онкүндігінің ашылуы өтті. Онкүндіктің мақсаты – оқушылардың жағымды ойлау қабілетін қалыптастыру, өзіне деген сенімділігін дамыту. Сонымен қатар, мектеп ішінде мейірімділік, сыйластық пен достық қарым-қатынасты нығайту, ұстаздар мен оқушылар арасындағы байланысты арттыру көзделді. Шара көтеріңкі көңіл күйде өтіп, қатысушыларға жағымды әсер сыйлады