«Мен бірегеймін» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
«Мен бірегеймін» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты – оқушылардың өзін-өзі қабылдауын дамыту, өзін-өзі бағалауын арттыру және жағымды ішкі сенім қалыптастыру.
Іс-шара барысында «Ресурстар дөңгелегі» жаттығуы орындалып, өзін-өзі бағалау және өзін-өзі қабылдау ұғымдары талқыланды.
Тренинг барысында оқушылар белсенді қатысып, естелік фотосуретке түсті. Шара жылы атмосферада өтіп, қатысушыларға жағымды көңіл күй мен сенімділік сыйлады