«Эмоциялар және өзіне-өзі қамқорлық картасы» тақырыбында жеке шығармашылық жаттығу өткізілді. Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың өз эмоцияларын сезіне білуін дамыту және түрлі жағдайларда өзіне-өзі қамқорлық жасай алу дағдыларын қалыптастыру.
Шығармашылық жұмыс барысында балалар белсенділік танытып, өз ойларын сурет арқылы жеткізді. Іс-шара жылы әрі сенімді атмосферада өтті.