Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Ұлттық бірыңғай тестілеу – 2026» тақырыбында ата-аналар жиналысы

2026 жылдың 5 ақпан күні «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Ұлттық бірыңғай тестілеу – 2026» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың негізгі мақсаты – ҰБТ-ның өткізілу тәртібімен таныстыру және қаңтар айында өткізілген ҰБТ нәтижелерін талдау болды.
Мектеп директоры Баймагамбетова Б.Ш. алдағы уақытта енгізілетін ҰБТ өзгерістері туралы және оқушыларды тестілеуге сапалы дайындау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде кеңінен ақпарат берді.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жолдаспаева Г.М. алынған тест нәтижелеріне жан-жақты талдау жасап, оқушылардың жинаған ұпайларының қорытындысымен ата-аналарды таныстырды. Сонымен қатар 100 ұпайдан жоғары нәтиже көрсеткен білім алушыларды ерекше атап өтті.
Жиналыс барысында ата-аналар өз пікірлерін білдіріп, балалардың мүмкіндіктері мен ата-аналық талаптардың арақатынасы туралы ой бөлісті. Кездесу өзара түсіністік пен ынтымақтастық рухында өтті.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено