Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Су және оның адам және қоғам өміріндегі маңызы»

Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және су ресурстарына саналы түрде ұқыпты қарауын дамыту мақсатында 5–9 сынып оқушылары үшін «Су және оның адам және қоғам өміріндегі маңызы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – судың тіршілік көзі ретіндегі рөлін түсіндіру және оны тиімді пайдалану жолдарын насихаттау болды. Сабақ барысында оқушылар су ресурстарының адам денсаулығы мен қоғам дамуына әсері туралы мәліметтер алды. Сонымен қатар әлемдегі және еліміздегі су мәселелері жөнінде ақпарат берілді. Оқушылар су үнемдеудің күнделікті өмірдегі қарапайым тәсілдерін талқылады. Практикалық тапсырмалар орындап, өз ойларын ортаға салды. Топтық жұмыстар ұйымдастырылып, тақырыпқа байланысты постерлер қорғалды. Оқушылар бейнероликтер тамашалап, өзара пікір алмасты. Талқылау барысында табиғи су көздерін қорғаудың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Өткізілген сынып сағаттары оқушылардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға және су ресурстарына ұқыпты қарау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.Қамтылған оқушылар саны - 168 оқушы.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено