9 ақпанда аудандық мәдениет үйінде оқушылардың Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі істер департаментінің өкілдерімен кездесуі өтті. Оған Новоишим қазақ жалпы білімберетін мектебі» КММ 10-11 сынып оқушылары қатысты.
Қатысушыларға ІІМ жүйесіндегі оқу орындарына түсу шарттары, үміткерлерге қойылатын талаптар, қызметтің ерекшеліктері, әлеуметтік кепілдіктер мен мансаптық өсу мүмкіндіктері жан-жақты түсіндірілді. Кәсіби жауапкершілік, тәртіп және қызметтің қоғам үшін маңыздылығы мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Осындай кездесулер болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға және жастардың мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етеді.