Меню KDT

Новости

Главная Новости

«URPAQ» мектеп парламентінің ұйымдастыруымен мектепішілік волейбол турнирі

17.02.2026 жылы «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ-де мектептің өзін-өзі басқару ұйымы – «URPAQ» мектеп парламентінің ұйымдастыруымен мектепішілік волейбол турнирі өтті.
Турнирдің мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа қызығушылықты арттыру және мектеп пен ата-ана, ұстаздар мен оқушылар арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Жарысқа ата-аналар комитетінің мүшелері, мектепшілік Әкелер кеңесі, ұстаздар қауымы және «URPAQ» мектеп парламенті қатысты. Қатысушылар ұйымшылдық пен белсенділік танытып, тартысты әрі қызықты ойын көрсетті.
Сайыс қорытындысы бойынша:
І орын – ата-аналар командасы
ІІ орын – ұстаздар командасы
ІІІ орын – «URPAQ» мектеп парламенті
Барлық қатысушылар мадақтамалармен марапатталды. Турнир жоғары деңгейде өтіп, достық пен бірліктің жарқын үлгісін көрсетті.

#Адал_азамат
#СалауаттыӨмірСалты


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено