Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Менің алғыс символым» тақырыбында іс-шара

2026 жылдың 24 ақпан күні Психологиялық қолдау орталығы КММ ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Алғыс айту күніне орай «Күн сайын достыққа, ризашылыққа және толеранттылыққа қадам» психологиялық онкүндігінің жоспарына сәйкес №2 Новошим орта мектебі КММ-нің 7«А» сынып оқушыларына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Калиева Ж.К. «Менің алғыс символым» тақырыбында іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында оқушылар алғыс айту мәдениетінің маңызын түсініп, ризашылық білдірудің түрлі тәсілдерімен танысты. Шығармашылық тапсырмалар арқылы өздерінің «алғыс символдарын» жасап, жылы лебіздерімен бөлісті. Бұл жұмыс балалардың достыққа, мейірімділікке және толеранттылыққа деген құндылықтарын нығайтуға бағытталды.
Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар өскелең ұрпақтың рухани дамуына ықпал етіп, өзара сыйластық пен құрметті арттыруға мүмкіндік береді.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено