2026 жылғы 24 ақпанда "Адал азамат" бағдарламасының "Шабыт" жобасын іске асыру аясында "Рузаевка орта мектебі" КММ білім алушылары мен педагогтары "Туған жер" көркемөнерпаздар шығармашылығының байқауына қатысты. Қазақтың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевтың "Аққулар ұйықтағанда" поэмасының сахналануы ұсынылды. Іс-шараның мақсаты - "Адал азамат" бағдарламасын жүзеге асыру аясында білім алушыларды ұлттық әдеби мұраға баулу. Көркемөнерпаздар байқауына қатысу отандық әдебиетке деген қызығушылықты нығайтуға, білім алушылар мен педагогтардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, халықтың мәдениетін, дәстүрлері мен рухани құндылықтарын құрметтеуге негізделген белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етті.