⚜️ «Менің өмірім – халқымның өмірімен тығыз байланысты. Халқымның тағдыры – менің тағдырым» — Жамбыл Жабаев.
«Менің өмірім – халқымның өмірімен тығыз байланысты. Халқымның тағдыры – менің тағдырым» — Жамбыл Жабаев.
Ағымдағы жылдың 26 ақпан күні Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен қазақ поэзия өнерінің майталманы, жыр алыбы, дүлдүл ақын, жырау, айтыскер Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған «Жыр алыбы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияның мақсаты – «ХХ ғасырдың Гомері» атанған Жамбыл Жабаев поэзиясының үздік үлгілерін білім беру үдерісіне енгізу арқылы ұлттық құндылықтарға негізделген «Адал азамат» қалыптастыру тұжырымдамасымен ұштастыру.
Аталған іс-шараға өңіріміздің педагогтері қатысып, ұлы ақын мұрасын ұрпақ тәрбиесінде тиімді пайдалану жолдары, шығармаларын оқу-тәрбие үдерісіне кіріктірудің заманауи әдіс-тәсілдері талқыланды. Қатысушылар мазмұнды баяндамалар жасап, шеберлік сыныптар көрсетіп, тәжірибе алмасты.
Ұлттық рухты ұлықтаған тағылымды жиын жас ұрпақ санасына отансүйгіштік пен адамгершілік құндылықтарды сіңіруге бағытталған маңызды алаң болды.