«Мамандықтар әлемін ашамыз» Республикалық форумының аудандық кезеңі.
2026 жылғы 24 ақпанда «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының аудандық кезеңі өтті. Аталған форумда «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-нің оқушылары жүлделі орындарға ие болды.
«Мен таңдаған мамандық» номинациясы бойынша — Төлеген Салтанат, 10 «А» сынып оқушысы.
Оқушыларымыздың жетістіктері — олардың табандылығының, білімге деген ұмтылысының және ұстаздардың қолдауының нәтижесі. Біз шәкірттеріміздің жетістіктерін мақтан тұтамыз және болашақ мамандық жолында жаңа жеңістер мен толағай табыстар тілейміз!