1 наурыз — Алғыс айту күніне орай мектеп парламенті «Алғыс қабырғасы» атты ерекше акция ұйымдастырды! 🤲💌 Оқушылар қағаздан жасалған алақандарға жүрекжарды алғыс сөздерін жазып, оларды қабырғаға ілді. Бұл шынайы лебіздер ата-аналарға, ұстаздарға, достарға және күн сайын қолдау көрсетіп, көмектесіп, шабыт беретін жандарға арналды. 💖 Қабырға ізгі тілектерге, ризашылық пен алғыс сөздеріне толды. Әрбір оқушы өз сезімін білдіріп, «рақмет» сөзінің қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте еске салды. 🌷 Бұл акция алғыстың мағынасы терең, мәні зор сөз екенін айқын көрсетті. Баршаңызға белсенді қатысып, шынайы эмоциялар сыйлағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!
1 наурыз — Алғыс айту күніне орай мектеп парламенті «Алғыс қабырғасы» атты ерекше акция ұйымдастырды!
Оқушылар қағаздан жасалған алақандарға жүрекжарды алғыс сөздерін жазып, оларды қабырғаға ілді. Бұл шынайы лебіздер ата-аналарға, ұстаздарға, достарға және күн сайын қолдау көрсетіп, көмектесіп, шабыт беретін жандарға арналды.
Қабырға ізгі тілектерге, ризашылық пен алғыс сөздеріне толды. Әрбір оқушы өз сезімін білдіріп, «рақмет» сөзінің қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте еске салды.
Бұл акция алғыстың мағынасы терең, мәні зор сөз екенін айқын көрсетті. Баршаңызға белсенді қатысып, шынайы эмоциялар сыйлағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!