Меню KDT

Новости

Главная Новости

Оқу-сауықтыру лагерьі

«Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 10-сынып оқушылары Ахметова Назым мен Боранбай Таир 2026 жылдың 30 қаңтары мен 20 ақпаны аралығында Балдаурен республикалық оқу-сауықтыру орталығы базасында ұйымдастырылған оқу-сауықтыру лагерьіне қатысып қайтты.
Аталған кезеңде оқушылар оқу-танымдық, мәдени-тәрбиелік және спорттық іс-шараларға белсенді түрде қатысып, өз білімдері мен қабілеттерін жан-жақты дамытуға мүмкіндік алды. Бағдарлама аясында зияткерлік сайыстар, шығармашылық байқаулар, патриоттық бағыттағы кездесулер және түрлі спорттық жарыстар өткізілді.
Ахметова Назым мен Боранбай Таир лагерь жұмысына жауапкершілікпен қарап, белсенділік танытып, оқушылар арасында өздерін жақсы қырынан көрсете білді. Нәтижесінде жаңа ортаға бейімделу, көшбасшылық қабілеттерін дамыту және достық қарым-қатынас орнату бағытында құнды тәжірибе жинақтады.
Оқушыларымыздың алдағы оқуына сәттілік тілейміз және жетістіктері арта берсін деп сенеміз!


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено