Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Ауыл мектебі – сапа алаңы»

«Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасын ауқымды кеңейту шеңберінде 2026 жылғы ақпан айында «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ тірек мектеп ретінде бекітілді.
Жобаға магниттік мектептер ретінде:
Айқын Нұрқатов атындағы Шұқыркөл орта мектебі,
Новоселов орта мектебі,
Салқынкөл негізгі орта мектебі,
Көкалажар орта мектебі қосылды.
Ұйымдастыру кезеңінде тірек және магниттік мектептердің өзара іс-қимылын жүйелеу мақсатында аудандық білім бөлімімен бірлескен жұмыс жоспары әзірленді.
Ынтымақтастықтың негізгі мақсаты – білім алушылардың оқу жетістіктерінің сапасын арттыру, тірек мектеп базасында магниттік мектептерге әдістемелік қолдау көрсету тетіктерін жетілдіру, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту және материалдық-әдістемелік ресурстарды тиімді пайдалану болып табылады.
Жоспарға сәйкес тірек мектеп базасында пәндер бойынша онлайн форматта сабақтар ұйымдастырылуда. Өткізілген сабақтар мазмұнды, тәжірибеге бағытталған және оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Жоба аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено