«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы «Шабыт» жобасы аясында аудандық көркемөнерпаздар байқауы
26.02.2026 жылы «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің оқушылары «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы «Шабыт» жобасы аясында аудандық көркемөнерпаздар байқауына белсене қатысты.
Байқауда оқушылар қазақ поэзиясының мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын сахналық қойылым түрінде көрермен назарына ұсынды. Қойылым барысында поэманың терең философиялық мазмұны, ана мен табиғат тақырыбы, адамгершілік құндылықтар әсерлі жеткізілді. Оқушылар образды шынайы сомдап, сахна мәдениеті мен актерлік шеберліктерін жоғары деңгейде көрсете білді.
Байқаудың басты мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық әдеби мұраны насихаттау, жас ұрпақтың бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңіру. Осы бағытта өнер көрсеткен шәкірттеріміз өздерінің дайындық деңгейі мен жауапкершіліктерін дәлелдеді.
Жас өнерпаздарымызға шабыт пен толағай табыс тілейміз!