«Тоқсан би орта мектебі» КММ-де қарулы шабуыл кезіндегі іс-қимылдарды пысықтау бойынша оқу-жаттығу сабақтары өтті.
«Тоқсан би орта мектебі» КММ-де қарулы шабуыл кезіндегі іс-қимылдарды пысықтау бойынша оқу-жаттығу сабақтары өтті. Іс-шараның мақсаты оқушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздік деңгейін және төтенше жағдайларға дайындығын арттыру болды. Оқу-жаттығу барысында мінез-құлық пен эвакуациялау алгоритмдері пысықталды. Педагогтар мен оқушылар қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығы мен үйлесімділігін көрсете отырып, іс-шараға салмақты және жауапкершілікпен қарады.