Меню KDT

Новости

Главная Новости

“Ананың аялы алақаны”

“Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі” КММ жанындағы интернатында
“Ананың аялы алақаны” атты мерекелік кеш ұйымдастырылды . Мақсаты: Оқушылардың аналарға, ұстаздарға, қыз балаларға деген құрмет сезімін арттыру.
Нәзік жандыларға ізет, сыйластық, қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.
Балалардың шығармашылық қабілеттерін (ән айту, би билеу, көркем сөз оқу) дамыту.
Ұжымдық мәдениетті, сахнада өзін-өзі ұстау әдебін қалыптастыру
Мерекелік кеш қыздардың “Нәзік” биімен басталды. Кеш барысында билер биленіп, әндер айтылып, ойындар ойналды.
Тәрбиешілерге балалар жеке-жеке тақпақ арнап, алғыс сезімдерін білдірді. Кештің ерекше сәті – ұлдардың қыздарға арнап тақпақ айтып, сыйлық ұсынуы болды.
Іс-шара соңында аналарға арналған жүрекжарды финалдық ән орындалып, мереке қорытындыланды.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено