Меню KDT

Новости

Главная Новости

Мектеп асханасында оқушыларға берілетін тамақтың сапасын, санитарлық талаптардың сақталуын және тағамдардың мәзірге сәйкес дайындалуын тексерілді.

2026 жылғы 13 –ші наурыз күні мектептің бракераждық комиссиясы жоспарға сәйкес асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайына, тамақ өнімдерінің сапасына және тамақ дайындау үдерісіне кезекті тексеріс жүргізді. Мектеп асханасында оқушыларға берілетін тамақтың сапасын, санитарлық талаптардың сақталуын және тағамдардың мәзірге сәйкес дайындалуын тексерілді. Тексеру барысында асхананың жалпы санитарлық жағдайы қанағаттанарлық деп танылды.Асханада тағам дайындау технологиялық талаптарға сәйкес жүргізіледі. Тағам дайындау кезінде санитарлық нормалар сақталған. Аспазшылар арнайы киіммен қамтамасыз етілген. Тағамның дәмі, иісі, түсі және сыртқы көрінісі талапқа сай. Тағамдар мәзірге сәйкес дайындалған. Азық-түлік өнімдері арнайы тоңазытқыштарда сақталған.Өнімдердің жарамдылық мерзімі тексерілді. Сақтау температурасы талаптарға сәйкес. Күнделікті ас мәзірі бекітілген. Мәзір асхана қабырғасында ілінген. Жүргізілген тексеру нәтижесінде мектеп асханасының жұмысы қанағаттанарлық деп бағаланды. Оқушыларға берілетін тағамдар сапалы, санитарлық талаптар сақталған. Тамақтану сапасы құрамын күнделікті міндетті түрде мектептің медбикесі тексеріп отырады. Асханада оқушылардың тамақтану кестесі мектеп директорымен бекітілген. Мектеп медбикесі күнделікті қазаннан өзінен əрбір тамақтан сынама алып, тамақты оқушыларға беру мүмкіндігін шешеді. Комиссия мүшелері асханаға қатысты құжаттарды қарап, өнімдерге арналған сертификаттарды тексеріп және уақытылы ауыстыру қажеттігі ескертілді. Асхана қызметкерлерінің медициналық тексерістен уақытында өтіп отыруы туралы нұсқау берілді.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено