2026 жылғы 13 наурыз күні Новоишим агротехникалық колледжінде аудан мектептерінің 9 сынып оқушыларына арналған Ашық есік күні ұйымдастырылды
2026 жылғы 13 наурыз күні Новоишим агротехникалық колледжінде аудан мектептерінің 9 сынып оқушыларына арналған Ашық есік күні ұйымдастырылды. Ол іс шараға Новоишим жалпы білім беретін орта мектептің 9 сынып оқушылары қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп бітіруші түлектерді колледждің білім беру бағдарламаларымен, материалдық-техникалық базасымен және мамандықтарымен таныстыру, сондай-ақ болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру.
Ашық есік күніне аудан мектептерінің оқушылары, мұғалімдері және колледж әкімшілігі қатысты. Қонақтарға колледж туралы жалпы ақпарат беріліп, оқу кабинеттері, шеберханалар және өндірістік тәжірибе бөдмелері таныстырылды.
Іс-шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, колледжге түсу шарттары, оқу мерзімі және мамандықтардың ерекшеліктері туралы толық ақпарат алды.
Ашық есік күні мектеп оқушылары үшін танымдық әрі пайдалы болып, олардың болашақ мамандық таңдауға деген қызығушылығын арттырды.