Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Менің Отаным – Қазақстан»: Экологиялық мәдениет – жарқын болашақ кепілі

«Таза Қазақстан» акциясының экологиялық мәдениет концепциясы аясында Мағжан Жұмабаеватындағы орта мектебінің барлық сыныптарында «Менің Отаным – Қазақстан» атты бірыңғайсынып сағаты өтті. Бұл шара 2026 жылғы 2-31 наурыз аралығына жоспарланған «Жасыл Өңір – Жасампаз Болашақ» экологиялық айлығы аясында ұйымдастырылды.

Сынып сағатының мақсаты:

Оқушылардың бойында патриоттық сезім мен туған жердің табиғатына деген сүйіспеншіліктіқалыптастыру;

Қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсіндіру және экологиялық мәдениетті арттыру;

“Таза Қазақстан” идеясын ілгерілету арқылы табиғатты аялауға, тазалықты сақтауға баулу.

Шара барысында 1-11 сынып оқушылары еліміздің табиғи байлықтарын сақтау жолдарынталқылап, экологиялық жауапкершілік туралы өз ойларын ортаға салды. Табиғатты қорғау – Отанды сүюден басталады!

Жауаптылар: Сынып жетекшілері.

#ТазаҚазақстан #ЖасылӨңір #МеніңОтанымҚазақстан #МағжанМектебі #ЭкоМәдениет#Адал_азамат #Біртұтас_тәрбие #БарлықСыныптар




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено