19 наурыз – Наурызнаманың жаңартылған тұжырымдамасындағы ерекше күндердің бірі – Жаңару күні. Бұл күн табиғаттың жаңаруымен үндесіп, айналаны көркейтуге, игі істер жасауға және болашаққа жоспар құруға үндейді.
Жаңару күні адамдарды ағаш отырғызуға, үй мен ауланы, қоршаған ортаны ретке келтіруге, тазалық сақтауға және туған жерге қамқорлықпен қарауға шақырады. Бұл күннің басты мәні – жаңару, жаңғыру, жаңа бастамаларға қадам жасау және жақсы істер арқылы қоғамға пайда келтіру.
Осындай мерекелік күндер арқылы өскелең ұрпаққа еңбекқорлық, жауапкершілік, табиғатқа жанашырлық және туған жерге деген сүйіспеншілік сияқты маңызды құндылықтар насихатталады.
Жаңару күні – бұл тек тазалық пен көркейту күні ғана емес, сонымен қатар әр адамға өз өмірінде де, айналасында да жақсы өзгерістер жасауға мүмкіндік беретін маңызды мереке.
Facebook желісіндегі жарияланымға сілтеме / Ссылка на публикацию в Facebook:
https://www.facebook.com/reel/926201260031601
#Адал_азамат
#Наурызнама