Меню KDT

Новости

Главная Новости

Мектепте «Наурыз – көктем мерекесі» тақырыбында сурет байқауы өтті

 

11–18 наурыз аралығында Ставрополка орта мектебінде Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар жоспары аясында «Наурыз – көктем мерекесі» тақырыбында сурет байқауы өткізілді.

Шығармашылық байқауға бастауыш сынып оқушылары белсене қатысты. Оқушылар өз жұмыстарында көктемнің нышандарын, табиғаттың жаңаруын, ұлттық дәстүрлер мен мерекелік көңіл-күйді үлкен қызығушылықпен және шабытпен бейнеледі.

Әрбір сурет жарқын, әсем әрі өзіндік ерекшелігімен көзге түсті. Осындай іс-шаралар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, халықтың мәдениеті мен дәстүрлерімен танысуға, сондай-ақ ұлттық мерекелерге деген құрметті қалыптастыруға ықпал етеді.

Байқау оқушыларға өз қиялын, шығармашылық көзқарасын және халықтық салт-дәстүрлерге деген қызығушылығын көрсетуге мүмкіндік берді. Барлық жас суретшілерге алдағы уақытта да шабыт пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Іс-шараға 12 оқушы қамтылды.

Facebook желісіндегі жарияланымға сілтеме / Ссылка на публикацию в Facebook:
https://www.facebook.com/KGUStavropolkaSH/posts/pfbid0NcvoTUV9ReyBAJv7Z1yQkdznRF5KJTQRDgGNJqqqfvVxnmT8n9UyWij5KNxZQ3QMl

#Адал_азамат
#Наурызнама
#Шабыт



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено