🗓 2026-2027 оқу жылында Астана қаласының мектептеріне бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 27 мамырда басталып, 31 тамызда аяқталады.
✍️ Мектепалды даярлық бағдарламасын меңгерген және сол мектепте оқуын жалғастыруды қалайтын балалар ата-анасының өтініші негізінде мектепке қабылданады. Барлық мектептерде (дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерді қоспағанда) бірінші сыныпқа қабылдау емтихансыз жүргізіледі.
Құжаттарды тапсыру тәсілдері: 🌐 Электрондық түрде: www.egov.kz порталы арқылы 🏫 Қағаз түрінде: мектепке барып, жеке тапсыру
📑 Қажетті құжаттар:
Ата-ананың немесе заңды өкілдің өтініші; 📝
Баланың туу туралы куәлігі;
Ата-ананың (заңды өкілдің) жеке куәлігі;
№ 065/у «Егу паспорты» және № 052-2/у «Баланың денсаулық паспорты»; 🏥