"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында лицей кітапханасында "ТАЗА ҚАЗАҚСТАН-табиғат пен адамдардың үйлесімі"атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрме өскелең ұрпақты табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге, экологиялық сауаттылық деңгейін арттыруға және "Таза Қазақстан"акциясының маңыздылығын тереңірек түсінуге бағытталған. 1 "Б" сыныбының лицейшілері экологиялық бағыттағы өлеңдер, әңгімелер мен ертегілерді оқуға белсенді қатысты. # ТАЗА_ҚАЗАҚСТАН