2026 жылдың наурыз айында әлеуметтік педагог А.Алгожинаның жетекшілігімен 7–9 сынып оқушыларына жоспарға сәйкес «Салауатты өмір салтын насихаттау» тақырыбында жадынамалар әзірленіп, таратылды.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа адам денсаулығының маңыздылығын, оның өмір сүру үшін қажетті әрі баға жетпес құндылық екенін түсіндіру. Сонымен қатар оқушыларды қимыл-қозғалысқа баулу, еңбек етуге тәрбиелеу, денсаулықты сақтауға қажетті күш-қуатты арттыру көзделді.
Жұмыс барысында дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану, тазалық сақтау, жеке гигиена талаптарын орындау және мәдени дағдыларды қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.